Youtube-тан ағылшын тілін үйрететін 15 канал

%d1%80%d1%84%d1%86%d1%83%d0%bf%d0%b2%d1%8b%d0%b0%d1%84%d1%8b%d0%b0

http://justenglish.kz/ ағылшын тілін үйренуҚазіргі ғаламтар заманында бірнәрсені меңгеруге ұстаз, ментор жоқ деп отыру ақымақтық. Youtube-тың өзінен кез келген нәрсені қалай жасау керектігін кезек-кезегімен көрсетіп қойған. Үйден шықпай-ақ ғаламтор арқылы ракета құрастыра беруге болады 😉

Youtube -та ағылшын тілін үйрететін кәсіби мұғалімдер бар. Бәрін тегін үйретеді. Күніне бір сериядан қарап отырсаң, нең кетті?! Уатсапта сағаттап конференцияда өсек оқып, өсектеп, прикол көргеннен гөрі, 1 сағатың пайдалы өтер еді.

Төменде Youtube-тағы танымал каналдарды жазып қойдым. Өкінішке орай, бұлардың көбі орыс тілінде. Өзіміздің қазақ тілінде мағлұмат беретін  кәсіби каналдар әзірге жоқ.

Орыс тіліндегі каналдар:

  • Puzzle English— әртүрлі тақырыпқа арналған бейнероликтер бар: грамматиканың ережелері, тіл үйренудің құпиялары, танымал сериялдардан алынған сөздер, сөздің дұрыс оқылуы, т.б.
  • Albert Kakhnovskiy— Рэймонд Мерфи әдісімен ағылшын тілін үйретеді.
  • Английский как по нотам— өте жақсы каналдың бірі. Мұнда музыканың, ойынның, киноның, әзілдің көмегімен үйренесің.
  • Канал Ирины Шипиловой— грамматиканы үйретеді. Сосын көптеген аудирование бар.
  • Английский язык в Школе Джобса— танымдық канал, бұдан да біршама дүние үйренуге болады.
  • Oxana Dolinka— қазіргі заманауи ағылшын тілін үйретеді. Тілді енді бастап үйренушілерге материал көп.

Ағылшын тіліндегі каналдар:

  • Learn English with Ronnie— көп видеолары грамматикаға арналған. Әзілмен жақсы түсіндіреді.
  • English with Jennifer— мұнда дұрыс оқылуды да қоса үйретеді. Үйренушілер ғана емес, мұғалімдерге де пайдалы дүние береді.
  • Rachel’s English— оқылуда қателік жіберетіндерге арналған.
  • Anglo-Link— мұнда түрлі материалдар бар. Ереже де, оқылуы да.
  • EnglishClass101— адамдармен қарым қатынас құруға көмектесетін канал.
  • BBC Learning English— бұл канал туралы естігендер бар шығар. Әртүрлі тақырыпқа арналған көп материалдар.
  • Learn English with Steve Ford— жиырма жылдық еңбек өтілі бар мұғалімнің жаңадан үйренушілерге берері мол.
  • AlexESLvid’s Free English Lessons— мұнда неше түрлі подкасттар бар. Тыңдаудан жалықпайсың.
  • Learn English with Let’s Talk— бұл канал заманауи тіл үйрену әдістерімен бөліседі.

 

Ағылшын тілін үйрену

Share

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This blog is kept spam free by WP-SpamFree.