«Қалайсың?» деген сұраққа ағылшынша қалай жауап беруге болады?

561x334_327

http://justenglish.kz/ ағылшын тілін үйрену

Қалайсың? – Норм. Өзің?

Біздің күнделікті диалогымыздан тілдің байлығын өзіңіз де байқаған боларсыз. «How are you?» деген сұраққа жауап беруден шетелдік адам сенің мәдениеттілігіңді білді дей бер. Ендеше, қандай тіркестермен жауап беруге болатынын біл.

Бастайық: how are you?

“Fine, thank you” – «Жағдай керемет, рахмет»

Ең көп таралған жауап. Бұлай жауап беру арқылы оған шын мәнінде өміріңізде не болып жатқанын дым білдірмейсіз.

 

“I’m very well, thanks!” – «Өте жақсы, рахмет!»

Бұл сөзді көтеріңкі айтсаңыз, демек шынымен де жақсы екенін досыңыз сезеді. Ал онша емес дауыспен, бүкірленіп, жер шұқып айтсаңыз, онда жағдай мәз емес екенін білдіріп қоясыз.

 

“Not bad, thank you” —  «Жаман емес, рахмет»

Бұл дегеніңіз – жақсы да емес, бірақ жаман да емес. 50/50!

 

“The same as usual, thank you” – «Әдеттегідей, рахмет»

Бұл жауапты сізді бұрыннан жақсы білетін адамға айтқаныңыз жөн. Бірақ бұл жауапта аздап депрессия, рутина бар.

 

“So-so” —  «Жәй, тыныштық»

Біреуден осындай жауап алсаңыз, оның көмекке мұқтаж екенін біліңіз. Мүмкін кафеге кіргізіп, түскі ас алып берерсіз.

 

“Pretty bad” – «Тым жаман»

Бұлай тек жақын адамдарға айтуға болады. Ал таныс емес адамға айтсаңыз, ол алаңдап қалуы да ғажап емес.

 

Негізі ең керемет жауап төмендегідей:

“All the better for seeing you” – «Сенің мүбәрак жүзіңді көріп жақсарып қалдым»

Бейтаныс адамға осыны айтып, реакциясын байқап көріңіз :)

Ағылшын тілін үйрену

Share

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This blog is kept spam free by WP-SpamFree.