Марс планетасындағы Робинзон Крузо

марстықКиноларды тек ағылшын тілінде көремін. Оригинал версияны көргеннің әсері керемет! Қасиетті Құранды кириллица әріптерінен оқып үйренген адамның оригинал араб әріптерінен оқыған сәтіндегі ғажайып әсер сияқты :). Кино орысшаға аударылғанда, көптеген тұстарын орыс тілінің логикасына қарай өзгертіп жібереді. Сондықтан ағылшыншасын көрген әрі қызық, әрі пайдалы. Жаттап жүрген сөздерің алдыңнан шығып тұрады. Өзім ғылымды жақсы көргендіктен, ғылыми теорияға негізделген киноларды жібермей көріп тұрамын. Мысалы, «Интерстеллар». Соңғы көргенім — «Марстық» (Марсианин, The Martian) фильмі. Екі жарым сағат бір демде өтіп кетеді.

Киноның сюжеті қызық. Жер бетінде белгісіз бір аралда Робинзон немесе «Изгой» фильміндегі почташы сияқты қалып қойсаң, тым болмаса түбінде үйіме қайтармын деген бір үмітпен жүресің ғой. Үміт болмаса да ауа бар тыныстайтын, су бар ішетін, жейтін қорек те табылады іздегенге. Ал Марс сияқты адамның өмір сүруіне қолайсыз планетада қалып қойсаңыз, не істер едіңіз? Жерден 55 млн км қашықтықтағы өлкеде құсадан өлуге үлгермей, ауа, су, азықтың жетіспеушілігінен алдымен өлерсіз))).

Мұнда кинодан өзім үшін алынған біршама сөздіктер жазып қойдым. Оқырмандарға да қажетіне жарар. Киноны қарап шық. Мұнда сілтемеде ағылшын тіліндегі кітабын жүктеп ал.

Theу upgraded their (storm) estimate – Олар дауылдың күшін (бағалауын) жаңартты (соңғы мәліметпен толықтырды).

She is grasping for everything to save Mark – Ол Маркті құтқару үшін барлығын да істеп көрмекші.

They would be devastated to find out they left him there alive – күйзелу

He might be trying to avoid some obstacle – кедергі

The whole world is rooting for you – уайымдау,  болеть ету,

I am not giving up. We just need to prepare for every outcome – болуы мүмкін кез келген нәрсеге дайын болу.

We still have a chance to bring five astronauts home safe and sound – аман сау,

Once there is a rescue plan, we’ll tell them. Otherwise it’s moot point – спорный вопрос,

There is no subtle way to put this. Mark Watney is still alive – жұмсақ жол, нежный, тонький

At some point, everything is going to go south on you – бәрі құриды, нашарлайды, бұзылады

«The Martian» book, «Марстық» кітабы ағылшын тілінде жүктеу

Тек қана АҒЫЛШЫН

Share

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This blog is kept spam free by WP-SpamFree.