Жаттаған сөздікті ұмытпау үшін не істеу керек?

ағылшынша сөз жаттау«Жаттаған сөздерімді ұмытып қала беремін. Память нашар» деген сылтауларды жиі айтамыз. Ал, шындығында адамның миының мүмкіндіктеріне қарасаңыз, жер бетіндегі 7 миллиард адамның есімдерін жаттап алатындай қуаты бар. Бәріне кінәлі өзіміз, миды дұрыс қолданбаймыз. Есіңнен шығарма, әлемдегі ең мықты компьютердің даму деңгейі қарапайым бал арасының миының даму деңгейіне де жете алмайды.

Психология мен ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, жаттаған ақпаратты ұмытпаудың әдістерімен бөлісейін.

  1. Ақпаратты (біздің жағдайда, ағылшынша жаңа сөздерді) есте ұзақ сақтау үшін психологтар ұсынған әдіс бойынша, 5 рет қайталау қажет:
  • Сөздерді жаттап болған соң, артынша тағы қайталау;
  • 20 минуттан соң қайталау;
  • 1 күннен соң қайталау;
  • 2 аптадан соң қайталау;
  • 2 айдан соң қайталау;
  1. Ұйықтар алдында жаттау қажет. Ұйқы кезінде ми жатталған ақпаратты қорытып, санаға мықтап бекітеді.
  2. Таңғы уақытта жаттау және қайталау. Ең берекелі уақыт әрі тыныққан ми ақпаратты тез қорытады.
  3. Жаттаған уақытта тәтті бірнәрсе жеу. Кез келген тәттінің құрамында глюкоза болады. Глюкоза қанға сіңіп, миға барады да, мидың белсенділігін арттырады. (Жеке тәжірибемнен: Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын күн енді шығып келе жатқан таңғы уақытта, ауылда үйдің ауласында, шайға шекерді аямай салып ішіп алып жаттағанмын. Сонда бір шумақты бір рет қана оқимын, бірден санамда жаңғырып тұрады, бірден жатталып қалады. 70 шақты шумақты бір күннің ішінде тастай қып жаттап алдым).
  4. Ассоциация. Ақпаратты бір ерекше нәрсемен байланыстыру. Неғұрлым ерекше болса, соғұрлым есте ұзақ сақталады. Мысалы, «I have a fever —  менің қызуым көтеріліп тұр» деген сөзге сай сурет салып қойсаң, есіңде өмір бақи қалып қояды.сөздік жаттау
  5. Тағы бір маңызды мәселе, бөліп-бөліп жаттау. Яғни, сенің қолыңда жаңа 50 сөз бар болса, олардың бәрін бірден жаттау қажет емес. Алдымен 15 сөзді жатта. 4-5 сағаттан соң, келесі 15 сөзді жатта. Осылай тез жатталады, әрі есте көп сақталады. Бәрін бірден жаттасаң, бәрі басыңа қонбайды, тез ұмытасың, тез жалығасың.
  6. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, жаттау және қайталау 15 минуттан аспау қажет. 15 минуттан кейін мидың ақпарат қабылдау белсенділігі төмендейді.

Әзірге білетіндерім осылар. Жаңа әдістермен танысып, тәжірибеде өткізіп, тиімділігін алдағы уақытта СЕНДЕРМЕН бөлісіп отырамын.

Тек қана АҒЫЛШЫН

Share

Комментарий (1)

  1. Айко

    Very good👍👍👍👍👍

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This blog is kept spam free by WP-SpamFree.