IELTS тестіне қалай дайындалдым?

50224243_963959060468820_9066647753448313414_n_002

50224243_963959060468820_9066647753448313414_n_002Руслан Меделбек бауырымды көпшілік танитын боларсыздар. Азаттық радиосының журналисті. Әлемдегі ірі спорттық шаралардан тікелей жаңалық тарататын әмбебап тілші. Русланның тіл үйрену методымен таныс болыңдар.

🔸7.0+ балл алу үшін деңгейіңіз 100% интермедид болуы тиіс. Upper болса тіпті тамаша. Грамматика мен академ сөздік қор болғаны жөн.

✔️1. Екі ай бойы кешке бір сағат жазу, бір сағат оқу, бір сағат сөз жаттау мен грамматикаға арнадым. Сағат кешкі 9-дан 12-ге дейін сабақ қарадым. Кейде қарағым келмей, мойныма жалқаулық мініп алған сәтте «режим бұзба» деп өз-өзіме ұрсып қайта отырамын. Таңертең жарты сағат тыңдау тестін шештім. Көшеде, таңғы, кешкі ас үстінде ағылшын подкаст тыңдадым. Netflix арнасынан ағылшын сериалдар көрдім. Үйде ВВС, Netflix қосып қойдым.

✔️2. Оқу мен тыңдаудан 8.0 алу үшін көп сөз жаттадым. Жазуда ағылшын тілінің бір-екі қиын грамматикасын, ырықсыз етістік формасын көп қолдануға тырыстым. Академ тілде ырықсыз етістік қолдансаңыз, жоғары бағаланады. Сөйлеуде жиырма қыстырма сөз бен жиырма идиома жаттап алдым. Бұл қырық сөз тіркесі өте ыңғайлы, әңгімелескенде қыстыра беруге болады. Емтиханда 12 қыстырма сөзді, алты идиоманы қолдандым — 7.0 балл.

🔸Грамматикада Murphy кітабы қатты көмектесті. Сөз жаттауда BBC English Learning аудиоларын тыңдадым.
Грамматика ережелерін конспект жасадым. Жаттығулар орындадым. Сол грамматика мен сөздерді дайындық кезінде, тестте қолдануға тырыстым. Үйде жазғандарымды Австралиядағы IELTS-blog сайтына тексертіп отырдым. 8 эссені тексеру құны — 28 доллар.

✔️3. Тіл оқуда үлкен күш жігер керек. Күнде кешке үш сағат отыру керектігін ойлағанда қиналдым. Бірақ мәтін оқып, тест шешіп отырғанда әлгі үш сағат жетпей, уақыт қысып, бәрі тез өтіп жатқан сияқты көрінеді. Сондықтан ерік-жігерді ерттеп мініп алу керек.

👇Ал, сіздер ағылшын тіліне қалай дайындаласыңдар, достар? Комментке жазыңдар.

Share

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This blog is kept spam free by WP-SpamFree.