Don’t vs. Doesn’t — Негізгі грамматика ережелері

justenglish.kz

Ағылшын тілінде болымсыз сөйлем жасау үшін Don’t немесе Doesn’t сөзін етістіктермен қолданамыз. (To Be және Modal verbs (Can, might, should etc.)-тан басқа).

Хабарлы сөйлем: You speak Spanish. Сен испанша сөйлейсің
Болымсыз сөйлем: You don’t speak Spanish. Сен испанша сөйлемейсің.

Біз don’t сөзін бастауыш пен баяндауыштың арасына қойдық. Don’t сөзін бастауыш: I, you, we және they болғанда қолданамыз.

Хабарлы сөйлем: He speaks Spanish. Ол испанша сөйлейді.
Болымсыз сөйлем: He doesn’t speak Spanish. Ол испанша сөйлемейді.

Бастауыш: he, she және  it болғанда, біз  doesn’t сөзін бастауыш пен баяндауыштың арасына қойып, болымсыз сөйлем жасаймыз.

 

Ескеру керек:

Don’t = Do not
Doesn’t = Does not

I don’t like fish = I do not like fish. Мен балықты ұнатпаймын.

Ешқандай айырмашылығы жоқ, қайсы формасын қолдансаң да дұрыс.

 

Болымсыз сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Бастауыш don’t/doesn’t Баяндауыш Сөйлемнің жалғасы
I / you / we / they don’t have / buy
eat / like т.б.
cereal for breakfast
he / she / it doesn’t

 

Болымсыз сөйлемге мысалдар:

  • You don’t speak Russian. Сен орысша сөйлемейсің.
  • John doesn’t speak French. Джон французша сөйлемейді.
  • We don’t have time for a quick drink. Бізде тез су ішуге уақыт жоқ.
  • It doesn’t rain much in summer. Жазда жаңбыр көп жаумайды.
  • They don’t want to come with us. Олар бізбен бірге келгісі келмеді.
  • She doesn’t like meat. Ол қыз етті ұнатпайды.
Share

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This blog is kept spam free by WP-SpamFree.