Ағылшынша сөздікті қалай тез жаттауға болады?

сөз жаттауЖасыратыны жоқ, кез келген шет тілін үйренгенде, негізгі күш жаңа сөздерді жаттауға кетеді. Себебі, жаңа сөз үйренбей, ешқандай грамматика, ережелерді қолданудың жөні жоқ. Жаңадан тіл үйренушілер үшін ең керекті 100 сөз, кейіннен 500 сөз, орташа деңгейге жеткенде 1000 сөз, сосын 3000 сөз, соңында әркім білуі тиіс 5000 сөз жаттау стратегиясы бар.

Өз тәжірибемнен сөздікті жаттаудың ең тиімді әдісімен бөлісейін.

  1. A4 форматындағы қағазды квадраттарға бөліп, кесіп ал немесе дайын қағазды сатып алсаң болады.

  2. Өз деңгейіңе қарай мультфильм не сериал, киноның алғашқы 10 минут көр. (мысалы, «FRIENDS» сериалы, «Кунг фу панда» киносы, «Жоғары» (Up) мультфильмі).

  3. Түсінбеген сөзді жанындағы тіркесімен қағаздың бір жағына жаз. (мысалы, blue sky)note

  4. Қағаздың екінші жағына аудармасын жаз. (Көк аспан).

  5. Карта сияқты қолыңа жинап ал да біртіндеп ала бер.

  6. Қазақшасы шықса, ағылшыншасын есіңе түсіріп айт.

  7. Ағылшыншасы шықса, қазақшасын айт.

10 минуттық кадрдан шамамен жаттау керек 50 шақты сөз шығуы мүмкін. Енді сенің қолыңда 50 жаңа сөз бар. Еріккен уақытыңда, көлікте кептелісте отырғанда, ішің пысқанда картаны қолыңа алып, 5 минутта соңына дейін жасап таста.

Ал, енді, ең маңызды сәт: «10 минуттан жазып шыққан 50 сөзді жобалап жаттаған соң, киноны қайта көр. Ескеру керек сәт: актердің әр сөзді айтқандағы қимыл-қозғалысына мән бер. I am crying деген сәтте жылап жатуы мүмкін. I am having a dinner дегенде кешкі ас ішіп отыруы мүмкін. Осылай, жатталған сөз сенің есіңде мықтап қалады«.

Сосын келесі 10 минутқа өт. Солай бірте-бірте киноны бітіргенде, қоржыныңда 300-дей сөз болады.

noe whiteЖатталған сөздерді қайталамаса, арада апта не ай өткенде санадан бірте-бірте өшуі мүмкін. Сондықтан, аптасына бір рет, айына бірнеше рет жаңағы сериалды қайталап көріп тұр.

Мынаны ұқ: жатталған сөздер ешқашан ұмытылмайды. Олар сенің санаңда қалады. Қайталамаса, қолданбаса, шаң басады. Ал қайталасаң, сау етіп есіңе қайта оралады.

Мирас Кесебаев

Тек қана АҒЫЛШЫН

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This blog is kept spam free by WP-SpamFree.