Ағылшын тілін үйренуге 5 себеп

ағылшын тілін үйренуге 5 себеп

http://justenglish.kz/ ағылшын тілін үйренуАғылшын тілін үйрену қажеттілікке айналды. Кеше Семейден іссапардан келген досым айтады: «Тез арада ағылшын тілін үйрену керек болды. Ана жақта өз мамандығын білмейтіндердің өзі ағылшын тілін білгені үшін 400-500 мың айлық алып отыр!».

Бәрімізге белгілі, жаңа жұмысқа тұрғанда жұмыс беруші ағылшын тілі керек болмаса да, «Ағылшын тілін қай деңгейде білесіз?» деп сұрайды.

Әлі де ағылшын тілін үйренсем бе екен деп бас қатырып жүрсеңіз, онда мына 5 себепке назар аударыңыз. Олар сіздің ағылшын тілін үйренсем деген таңдауыңыздың өте дұрыс екенін көрсетеді.

  1. Саяхат жасағанда керек болады.

    Қай елге қыдырып бармаңыз, бәрібір ағылшын тілін алдыңыздан шығады. Көптеген елдердегі кафе, дүкендердің маңдайшадағы жазуы жергілікті тілде және ағылшын тілінде жазылады. Ағылшын тілін білу арқылы мұндай кедергілерге мән бермей, саяхаттың қызығына кіріп кетесіз. Мысалы, Испания, Италия елдерінің негізгі тілі испан мен италян тілі болғанымен, көшеде кез келген адам ағылшын тілінде сөйлей алады. Кез келген қонақ үй, ресторан, кафенің ресепшні «Хола» деп жымиып сәлемдеседі де, сіздің «Хай не Хеллоу» дегеніңзден кейін бірден ағылшынша сайрай жөнеледі.http://justenglish.kz/ ағылшын тілін үйрену

  1. Әлемдегі ең танымал тіл. Ағылшын тілін үйрену – болашақ емес, қазіргі күніңе салынған инвестиция. Себебі шамамен 60 шақты елдің ресми тілі – ағылшын тілі. Сондықтан жұмыспен не демалыспен барған еліңізде ағылшын тілінде сөйлеп, әңгімелесудің мүмкіндігі туады. Мынадай қызық факт бар: Қытайда ағылшын тілін білетін адамдардың саны Америка Құрама Штаттарының халық санынан да жоғары.http://justenglish.kz/ ағылшын тілін үйрену

  1. Қызмет бабымен өсуге мүмкіндік береді. Әрқайсымыз да табысты болғымыз келеді. Ал ағылшын тілін білу сол табысты болуға жақындатады. Мына жаһандану заманында көптеген компаниялар немесе шетелдік фирмалар ағылшын тілін білетін маманға мұқтаж. Жоғарыда бұл жайлы айттым. Мүмкін сен өз мамандығыңды жетік білмессің, бірақ ағылшын тілін білу арқылы айлығыңа қосымша 0-дер қосып ала аласың.http://justenglish.kz/ ағылшын тілін үйрену

  1. Білім алу. Егер сенің мақсатың – ең мықты оқу орнына түсіп, заманауи білім алу болса, онда бәрінен бұрын ағылшын тілін білуің керек. Онсыз жол жоқ. Тіпті Германияның өзінде университеттер ағылшынша оқытады.http://justenglish.kz/ ағылшын тілін үйрену

  1. Бизнес. Өз бизнесіңнің ауқымын ұлғайтқың келе ме? Бизнес әлемінде ағылшын тілін білмей, даму жоқ. Іскерлік кездесу, келісімге отыру, әңгімелесу – бәрі де ағылшын тілінде жүреді.http://justenglish.kz/ ағылшын тілін үйрену

Ағылшын тілін үйрену

Share

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This blog is kept spam free by WP-SpamFree.