Қаншайым мен жеті өнерпаз — Princess and seven past master (Ертегі) — 1-бөлім

cartoon-fairy-tale-scene-prince-princess-servants-second-stage-beautiful-colorful-illustration-children-60838618
Princess and seven past master

 

1.        A very long time ago there was the king who overcame other people with his wealth.

2.        This king had only strikingly beautiful daughter called Princess.

3.        When people saw her beauty they lost their consciousness.

4.        Once Princess organized a hike with her forty girl retinues and went for a swim.

5.        When they were going to finish swimming, an imperial eagle came down earth from the clouds and lifted Princess up.

6.        Forty girls stayed on the ground by making a noise.

7.         They wept and came back home in the evening.

8.         Several days running they couldn’t inform the king about the accident and tortured with it.

9.        The whole nation got together, took counsel and they sent the wise old man to the king who was there.

10.    Having heard about the accident the king fell down in a faint.

11.    All the retinues got frightened who surrounded him.

12.    Only wise old man splashed the water on his face and helped him to regain consciousness.

13.    Having soothed him, he brought the king to his senses.

14.     After some time, having come to his senses the king gathered soothsays and clergies.

15.    But none of them could find out who she was taken by and where the girl was then.

16.    Nobody could help.

17.    Only the king’s vizier came who was called Nazar, took counsel with the king and said like that:

18.    —»The fisherman is living called Salim on the other side of the ocean.

19.    He has seven past master sons.

20.    Only they can find your daughther.

21.    Give me five hundred soldiers, build an iron ship and send me there.»

22.    The king urgently ordered to build an iron ship and sent his vizier to that fishennan called Salim.

23.    After one month he achieved the other side of the ocean safely where the old man Salim was.

24.    Having come, there was only the old man.

25.    First time the old man scared when Nazar came with his soldiers.

26.    Having greeted the old man, Nazar explained the root of the matter.

27.     He gave the letter with the gold stamp on it.

28.    He told that they had come specially.

29.    The old man Salim gathered his sons.

30.    -«Having heard about your skills these guests came from afar, from other place.

31.    The king of that country sent this letter asking to find his daughter who was taken by the imperial eagle.

32.     If you find his daughter, he will give his daughter with her dowry.

33.    Display your talents, don’t hide your light under a bushel», -he said.

34.    So, seven past master followed Nazar the vizier of the king.

35.    They took the boat and moved back.

36.     Having left a few days to get the country of the king, Nazar sent one of his warriors to the king to ask a present.

37.    He went there and asked a present.

38.     The king lavished him with gifts, lighted a fire in the five hundred hearth and made feast.

39.     Nazar arrived safely by guiding seven past master.

40.    The king delighted when he saw seven past masters.

41.    Having taken a rest several days, the king let seven past masters to take the road.

42.    They walked a long time and finally they found the imperial eagle which took the king’s daughter away.

43.    When they came nearer to it, the imperial eagle took the girl and soared into the sky.

44.     The eldest one of seven Past masters could fly.

45.    He took his younger brothers and rose into the sky fallowing the imperial eagle.

46.     But they lost the imperial eagle and the girl.

47.    They had been looking for it by flying seven days and seven nights in the sky.

48.    Coming the eighth day they saw sitting the imperial eagle on the bank of the large river and the girl combing her hair.

49.    The imperial eagle scared when persecutors started to fly fast by making a noise.

50.    It took the girl and rose into the sky again.

51.    At that time the youngest one of the persecutors:

52.    «We have lost her.» -said and started to cry.

53.    The eldest one of the guys to the second one:

54.    —»Demonstrate your talent», -said.

55.    The second one was a marksman.

56.    His arrow which was shot by taking aim tore away two hips of the bird and it started to fall.

57.    The girl circling fell into the water from the sky.

58.    The third one was a diver.

59.    He tugged drowning the girl out of the water and took her to the bank.

60.    The girl vomited swallowed water and escaped.

 

Қаншайым мен жеті өнерпаз

 

1.        Баяғыда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты.

2.        Бұл ханның жалғыз ай десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым деген қызы бар екен.

3.        Қыздың сұлулығына қараған адам есінен танып қалады екен.

4.        Күндердің күнінде Қаншайым қырық қыз нөкерімен сейіл құрып суға түсуге барады.

5.         Суға түсіп бола берген кезде Қаншайымды көктен бір қарақұс келіп, көтеріп кетеді.

6.        Қырық қыз төменде шулап қала береді.

7.        Жылап-сықтап кешке үйлеріне оралады.

8.        Бірнеше күнге дейін олар ханға болған жайды айта алмай қатты қиналады.

9.        Ел-жұрты жиналып, ақылдасып, сол арадағы бір дана карияны хан алдына жібереді.

10.    Болған оқиғаны естіген хан есінен танып құлап түседі.

11.    Оны қоршап тұрған нөкерлері қорқып қалады.

12.    Тек данышпан қария ғана бетіне су бүркіп, ханның есін жиғызады.

13.    Басу айтып, ханды тәубасына келтіреді.

14.     Біраз уақыт өткен соң, өз-өзіне келген хан бақсы-балгер, қожа-молдаларды жинайды.

15.    Бірақ олардың бірі де қызды кімнің алып кеткенін, қазір оның қайда екенін біле алмайды.

16.    Ешкімнен жәрдем болмайды.

17.    Тек ханның Назар атты уәзірі келіп, ханмен ақылдасады да, былай дейді:

18.    — Мұхиттың ар жағында Сәлім деген балықшы тұрады.

19.    Оның жеті өнерпаз баласы бар.

20.    Тапса, қызыңызды солар табар.

21.    Жаныма бес жүз әскер қосып, темірден кеме соққызыныз да, мені сонда жіберіңіз.

22.    Хан табанда темір кеме соқтырып, бас уәзірін сол балықшы Сәлімге аттандырады.

23.    Ол бір айда аман-сау мұхит теңізінің ар жағындағы Сәлім шалға жетеді.

24.     Барса, шалдың өзі ғана отыр екен.

25.    Алғашында шал әскермен келген Назардан қорқып қалады.

26.    Назар Сәлім шалмен амандасып болған соң, мән-жайды баян етеді.

27.    Ханның алтын мөрі басылған хатын береді.

28.    Әдейі іздеп келгенін айтады.

29.    Сәлім шал балаларын шақырып алып:

30.    —Бұл қонақтар алыс, шет жерден сендердің өнерлеріңді естіп жетіпті.

31.     Сол елдің ханы қара құс алып кеткен қызын тауып берулеріңді өтініп хат жолдапты.

32.    Егер тапсаңдар, қызын дүние-мүлкімен береді.

33.    Өнерді ішке сақтамай, сыртқа шығарындар! — дейді.

34.    Сонымен жеті өнерпаз ханның бас уәзірі — Назарға ереді.

35.    Олар кемеге отырып кері қарай қайтады.

36.    Хан еліне жетуге бір-екі күн қалғанда Назар бір жауынгерін ханға сүйінші сұрауға жібереді.

37.    Ол барып сүйінші сұрайды.

38.    Хан аямай сүйінші беріп, алдынан бес жүз ошақ қаздырып, той жасайды.

39.    Жеті өнерпазды ертіп, аман-сау Назар да жетеді.

40.    Хан өнерпаздарды көріп, қатты қуанады.

41.    Бірер күн тыныкқан соң, хан жеті өнерпазды сапарға аттандырады.

42.    Олар ұзақ жүріп, ақырында хан қызын көтеріп әкеткен қарақұсты табады.

43.     Қасына жақындай бергенде, қарақұс қызды алып көкке көтеріледі.

44.    Жеті өнерпаздың ішіндегі үлкені ұша біледі екен.

45.    Ол інілерін көтере қарақұстың ізімен аспанға ұшады.

46.    Бірақ қарақұс пен қыздан айырылып қалады.

47.    Оларды іздеп көкте жеті күн, жеті түн ұшып жүреді.

48.    Сегізінші күн дегенде бір дарияның жағасында отырған құсты, шашын тарап тұрған қызды көреді.

49.    Қуғыншылардың дабыл қағып ұшқан екпінінен корыққан қарақұс

50.     қызды алып, тағы да аспанға көтеріледі.

51.     Сонда қуғыншылардың кішісі:

52.    — Қыздан айырылдық, — деп жылайды.

53.    Жігіттердің үлкені
екіншісіне:

54.    — Өнеріңді көрсет! — дейді.

55.    Екіншісі асқан мерген екен.

56.     Оның көздеп атқан оғы құстың екі санын жұлып түседі де, ол төмен қарай құлдырайды.

57.    Қыз аспаннан шыр айналып келіп, суға түседі.

58.    Үшіншісі сүңгуір екен.

59.    Ол суға батып бара жатқан қызды жағаға алып шығады.

60.    Қыз жұтқан суын қайта құсып, аман қалады.

 

Жалғасы бар…

Аударған Жұмабеков Қуаныш Жұмабекұлы

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This blog is kept spam free by WP-SpamFree.