Қаншайым мен жеті өнерпаз — Princess and seven past master (Ертегі) — 2-бөлім

cartoon-fairy-tale-scene-prince-princess-servants-second-stage-beautiful-colorful-illustration-children-60838618
Princess and seven past master

 

1.     Suddenly a huge dragon appeared and wanted to swallow all of them by force.

2.     The fourth one of them was a great maker.

3.     When he struck two stone to each other on his hand, a castle appeared five kilometer away.

4.     That dragon bundled the castle and started to press it.

5.     The next turn came to the fifth one of brothers.

6.     He could build underground passage.

7.     When he broke a precious stone on his hand, underground passage was built about five kilometer away.

8.     And the dragon stayed there forever by bundling it.

9.     Having been above ground, they didn’t know where the road was which led to their country and got mixed up.

10.  The sixth one of them was a pathfinder.

11.  He found the road which had taken one-day.

12.  But, they got tired their feet hurt because of going on foot, their strength failed them and they could not set out.

13.  At this time the seventh one was ready to help.

14.  He could cook food.

15.   He took out a precious dish from his bosom, he gave to his brothers the food and they had eaten their full.

16.  Getting stronger a little seven past masters and the girl travelled one day and they came to the road which led to the king’s country.

17.  So, they had travelled for several days and reached the king’s country.

18.  They brought Princess safely.

19.  Being rejoiced the king organized a horse-race and made a feast three day.

20.  He contented with seven past masters very much.

21.  Coming the fourth day the king asked masters to come.

22.  —»You found my daughter and executed my order.

23.  Now I have to fulfill my promise.

24.  But you are seven brothers and you should decide yourselves who one of you will be my son-in-law.

25.  You are the same for me», —he said.

26.  At that time the eldest one of brothers:

27.  —»All of us should tell about our performing deeds, whose deed will be better, that one can marry to Princess.» -he said.

28.  The king agreed with it.

29.  First, the eldest one of brothers started.

30.  -«The deed which I performed to this girl is the greatest one.

31.   If I weren’t there, you would lose your daughter»,-he said.

32.  And he told that he had flown seven days by following the imperial eagle.

33.  -«That’s why I deserve her.» -he said continuing his speech.

34.  -When you finished using your skill, the imperial eagle took the girl and started to rise into the sky.

35.   If I didn’t shoot it, we would lose the girl.

36.  That’s why I deserve her.» — said the second one.

37.  The third one said:

38.  —The girl fell into the water.

39.  If I did not take her to the bank by diving, we would lose the girl.

40.  That’s why I deserve her.»

41.  —»If I weren’t, all of you would die under the stone.

42.  That’s why the girl is suitable for me.» — said the fifth one.

43.  —»If I weren’t, all of you would get lost by looking for the road.

44.  Didn’t I find the road for them, so that they didn’t get lost?

45.   The girl is suitable for me», -said the sixth one.

46.  At the end the seventh one said:

47.  — If you did not eat food from my dish, all of you would die of starvation.

48.  That’s why the girl is mine. I deserve her.»

49.   Having told about their skills, they addressed themselves to the king.

50.  The king gathered his experts.

51.  At that time the old man said:

52.  «All of these sevens skills are similar to each other.

53.  But you should marry your daughter to the diver.

54.  Because he was the first to hug her.

55.  You should marry other six ones to the daughters of the six kings and let them to be viziers of the six places.

56.  The king married his daughter to the diver.

57.   He married other six ones to the daughters of the six kings and let them to govern six countries.

58.  Thus seven past masters achieved their goals.

Қаншайым мен жеті өнерпаз

 

1.     Кенет бір үлкен айдаһар пайда болып, лебімен бәрін жұтып алмақшы болады.

2.     Бұлардың төртіншісі асқан ұста екен.

3.     Ол қолындағы екі тасын бір-біріне соғыстырған еді, бес шакырым жерден қорған соғылады.

4.     Әлгі айдаһар тас қорғанды сыртынан орап алып, қыса бастайды.

5.     Келесі кезек ағайындылардың бесіншісіне тиеді.

6.     Ол жер астынан жол салғыш екен.

7.     Қолындағы асыл тасын шакқанда, бес шақырымдай жер астынан жол салынып шығады.

8.     Ал айдаһар сол күйінде таста оралып жатып қалады.

9.     Бұлар жер бетіне шыкқан соң, еліне апаратын жодың қай жақта екенін білмей, дал болады.

10.  Олардың алтыншысы жол болжағыш екен.

11.  Ол бір күндік жердегі жолды табады.

12.  Бірақ, арып-арып шаршаған, жаяу жүре-жүре табандары тесілген олардың жол жүруге шамалары жоқ еді.

13.  Осы кезде көмекке жетіншісі келеді.

14.  Ол тағам жасағыш екен.

15.  Қойнындағы бір асыл табағын алып, ағаларын тамаққа тойдырады.

16.  Кішкене әлденіп алған жеті өнерпаз бен қыз бір күндік жол жүріп, ханның еліне апаратын жолға шығады.

17.  Осылай бірнеше күн жүріп, ханның аулына да жетеді.

18.  Қаншайым қызды аман алып келеді.

19.  Қуанған хан ат шаптырып, үш күн той жасайды.

20.   Жеті өнерпазға қатты риза болады.

21.  Төртінші күні өнерпаздарды хан шақырып:

22.  Сендер қызымды тауып әкеліп, бұйрығымды орындадыңдар.

23.  Енді мен өз уәдемде тұруым керек.

24.  Бірақ сендер жеті ағайындысыңдар, қайсыларың маған күйеу бала боларынды өздерің шешіңдер.

25.  Мен үшін бәрің бірдейсіңдер, — дейді.

26.  Сонда жеті өнерпаздың ең үлкені тұрып:

27.  —Бәріміз де істеген өнерімізді айтып өтелік, қайсымыздікі артық болса сол алсын, — дейді.

28.  Хан мақұл көреді.

29.   Алдымен ағайындылардың үлкені бастайды.

30.  — Бұл қызға менің істеген өнерім бәрінен басым.

31.  Мен болмасам қызыңыз жоқ еді, — деп,

32.  жеті күн қарақұстың ізімен ұшқанын айтады.

33.  —Сондықтан қыз маған тиесілі, —деп сөзін жалғастырады.

34.  —Сенің өнерің таусылып, қызды қарақұс аспанға алып бара жатқанда

35.  мен атпасам, қыз жоқ еді.

36.   Сондықтан қыз маған тиесілі — дейді екіншісі.

37.  Үшіншісі тұрып:

38.  —Ал, мен суға құлаған қызды

39.  сүңгіп жағаға шығармағанда жоқ еді.

40.  Сондықтан қыз маған тиесілі, —дейді.

41.  —Мен болмасам, бәрің де тастың астында қырылып өлер едіңдер.

42.  Сондықтан қыз маған лайық, —дейді бесіншісі.

43.  Алтыншысы тұрып: —Мен болмағанда бәрің де жол таба алмай адасатын едіңдер.

44.  Бұларды адастырмай жол тауып берген мен емеспін бе?

45.  Қыз маған лайық, — дейді.

46.  Ақырында жетіншісі тұрып:                               

47.  —Менің табағымнан ас жемесеңдер, бәрің де аштан өлер едіндер.

48.  Сондықтан қыз менікі, маған тиесілі, —дейді.

49.  Бәрі де өздерінің өнерін айтып, ханға жүгінеді.

50.  Хан білгіштерін жинайды.

51.  Сонда бір қария тұрып:

52.  —Бұл жетеуінің бәрінің де өнері бірдей,

53.  бірақ қызды сүңгуірге қосыңыз.

54.  Өйткені ол қызды басқаларынан бұрын барып құшты ғой.

55.  Ал қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты жерге уәзір сайлаңыз, —дейді.

56.  Хан қызын сүңгуірге косады.

57.  Қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты елді билетеді.

58.   Сөйтіп, жеті өнерпаз мұратына жетіпті.

 

Аударған Жұмабеков Қуаныш Жұмабекұлы

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This blog is kept spam free by WP-SpamFree.