Сериалдан алынған сөздер топтамасының мағынасы

strangerthingsposter-1

Бұл сөздер «Stranger things» деген сериалдан алынған.

 

  1. Have a stick up the butt

Мағынасы: көңілсіз, іш пыстыратын, тым байсалды болу.

Мысалы, сен лекцияға бір минутқа кешіктің, ал ұстаз сені кіргізбеді. Осы жағдайды достарыңмен талқылап жатқанда: » Man, he’s got a stick up his butt» деп айтасыз, яғни «Неге сонша ол сондай тым байсалды боп қалған, мен деген бар-жоғы бір минут қана кешіктің ғой».

  1. Play hooky

Мағынасы: Бос жүру, сабақтан қашу.

Баласын іздеп жүрген ана полицияға іздеу салуды бастау керек екенін ескертеді. Ал ол болса онша мән бермей: «Boy his age, he’s probably just playing hooky» деп айтады, яғни, «Бұл жастағы бала, меніңше, мектептен қашып жүрген болар».

  1. Low key

Мағынасы: тыныш, елеусіз

Балалар Нэнсиді вечерге шақырады, ал ол барғысы келмейді. Содан оны ұнататын жігіт вечерде ол танитын адамдар болатынын, шулы кеш болмайтынын айтады: «It’ll be a low key party».

Low key тура мағынасында «төменгі кілт» деп аударылады, яғни төменгі дауыс. Гитараның жуан сымын түртіп қалғандағы дауыс сияқты.

  1. Second something

Мағынасы: мақұлдау, келісу

Балалардың бірі болған оқиғаны анасына айтып бермекші болады, ал екіншісі оны қолдайды: «I second that». Негізі,»second» — «екінші» немесе «секунд» деген мағынаны береді. Ал бұл жерде ол «келісу» дегенді білдіреді. Бұл сөз «секундант» деген сөзден шыққан, яғни дуэлге баратын дуэлянтты алып барушы адам.

  1. 1200px-Очень_странные_дела_2016Rat someone out

Мағынасы: біреуді ұстап беру, сату.

Балалар бір жолдасы туралы айтып жатыр. Бәрі бір ауыздан оның ешқашан сатпайтынын айтады: «No way, Mike would never rat us out». Мұнад rat — «тышқан».

  1. Drop off

Мағынасы: шығару, түсіру.

Досымды машинамен әкеле жатырмын, оның үйіне жақындағанда айтамын: «I’ll drop you off here». Сені осы жерде түсіремін деген мағынаны береді. Айтпақшы, біреуді жеткізіп тастау дегеннің мынадай аудармасы бар: give someone a lift.

  1. Grossed out by someone

Мағынасы: біреуден жиіркену.

Достары Арманды бір қызбен сөйлесуге итермелейді. Себебі ол қызбен сөйлесуге қорқады. Ал қыз кетәрі емес. Соны түсіндіру үшін Арманға: «The girl is not grossed out by you», яғни, «сен қыздан қорықпа, ол сенен жиіркенбейді» дейді.

  1. Give it a shot

Мағынасы: тырысу, байқап көру.

Балалар тир мылтығымен атып жатыр. Біреуі мылтыққа жақындар емес. Барлығы оған қарап: «Come on! Give it a shot», яғни, «Қане! Байқап көр!» деп көндіргісі келеді. Shot сөзінің мағынасы көп. Оқ, укол, мүмкіндік деген мәндері бар.

  1. Knock it off

Мағынасы: доғару, бітіру

Екі жігіт бір қыз үшін төбелеспекші. Достары оларды ажыратып: «Knock it off», яғни, «Тоқтатыңдар! Жетер!» дейді.

  1. Ruin the flow

Мағынасы: рақатты бұзу

Балалар аулада ойнап жатады. Бір кезде анасы келіп, ойынды тоқтатыңдар деп ұрсады. Сонда баланың бірі оған: «You’ll ruin the flow», яғни, «сен рақатымызды бұздың ғой» дейді.

Flow — ағын дегенді білдіреді. Ал мұндағы мағынасы басқа.

Share

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This blog is kept spam free by WP-SpamFree.