Ағылшын тілін үйрену керек едііііі…

IMG_20171222_170627_364

Ағылшын тілін үйрену керек едііііі…
Мен осыны мың адамнан естіген шығармын. Естіген сайын бұл сөздің әуел бастан қате екенін ұғудамын. Бұл сөзді ағам да, інім де, группаласым, сыныптасым да, әріптес, таныстар да айтты. Арада ай түгіл, жылдар өтіп кетті. Бірақ олардың ешбірі үйренбеді де. Себеп неде деп ойлайсыз ғой? Айтайын.
.
Біреу соқырішекпен ауырып қалса, «соқырішекті емдету керек еді» деп айтар ма еді? Әрине, айтпайды. Бірден дәрігерге телефон соғып, пәлен уақытта, пәлен жерде операция жасау туралы толық жоспарлап алады. Белгіленген уақытта ол адам тамақ ішіп немесе кино көріп, футбол ойнап отырмайды. Жоспар бойынша, емделеді. Міне, сіздің «ағылшын тілін үйрену керек еді» деп, үйренбей жүргеніңіздің себебі осы. Сізде жоспар жоқ. Жоспар қалай болуы керек?

1. Мақсат. Алдағы қаңтардың 1-31 арасында грамматика (немесе тек present simple) үйренемін. Бір ай бойы дертім — грамматика болады. Сөз жаттамаймын, эссе жазбаймын, тек грамматиканы қысқаша көбейту формуласын жаттағандай жаттаймын. Келесі ақпан айында ең жиі қолданылатын 1000 сөзді жаттауды мақсат ретінде таңдауға болады.

2. Уақыт. Таңғы 6 мен 7 аралығында тек жоғарыда таңдаған мақсатпен айналысамын. Ол уақытта тіпті тамақ та ішпеймін, душқа да түспеймін, ойын да ойнамаймын. 1 сағатты толық грамматика әлеміне арнаймын.

3. Тұрақтылық. Тұрақты тамшы тас тесетінін практика жүзінде байқап көр. Тіл үйрену барысында 1 күнді де қалдырма. Бір іспен ауырғанда оны түсіңде көре бастайсың. Жаңбыр жауып тұнжырап тұрсаң да, қонақтан шаршап келсең де, досыңмен шекісіп, көңілсіз қалсаң да күндегі нормаңды орындап отыр.

Міне, осындай жоспар жасап алып, бір ай өзіңізді сынап көріңіз. Ал тұрақты жоспармен бір жыл жұмыс жасасаңыз, мен сізге айтайын, 10 жыл бойы үйренбеген ағылшын тілінде сайрайтын боласыз. Сізге бар-жоғы бір жыл қиналу керек. Себебі бір жылдан кейін кино, музыка, ток-шоуларды ағылшынша көре беретін боласыз. Ол кезде ағылшын қиналу емес, рахатқа айналады.

 

Инстаграмдағы парақшамызға жазыл!

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This blog is kept spam free by WP-SpamFree.